Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі шенеуніктерге қатысты “аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Ақпан айында наразы топ Ақордаға барып, "әділетсіз сот шешіміне шағымданып", "Қазақстаннан әділдік таппаса, шетелден көмек сұрайтынын" мәлімдеген.
Бауыржан Байбектің заңгері Айжан Ташимова Facebook парақшасында пост жазып, азаматтық белсенділер Ж.Мамай мен И.Иманбаеваға қатысты шыққан сот шешіміне қатысты пікір білдірді.
"...Өзге тұлғалар пайда болды. (...) Сот оларды атай алмайтындығын айтады, себебі олардың кінәсі сот ісімен дәлелденуі керек. Бірақ егер біз оларды алып тастасақ, онда № 1, № 2 деген кімдер?.."
Алматының Әуезов аудандық №2 соты Бауыржан Байбектің Жанболат Мамай мен Инга Иманбаеваға "ар-намыс пен беделге нұқсан келтіру" бойынша сотқа түсірген шағымын толық қанағаттандырды, деп хабарлайды Paryz.kz.