Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Мұндай айыппен келіспеймін": Біртанов сотта куәгер ретінде сөйледі

Алайда бұрынғы Денсаулық сақтау министрі мұндай айыппен келіспей отыр.

"Мұндай айыппен келіспеймін": Біртанов сотта куәгер ретінде сөйледі
фото: tengrinews.kz

Медицина қызметкерлерінің коронавирустан сақтануына маска, көзілдірік, қолғап пен кәдімгі халат жеткілікті деп хабарлайды Paryz.kz, «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Яғни, арнайы қорғану киімін кию міндетті емес. Өйткені вирус ауа арқылы таралады. Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов шетелдік зерттеулердің қорытындысымен бөлісті. Бүгін ол СҚ «Фармацияның» бұрынғы жетекшісі Берік Шәріптің ісіне қатысты сотта куәгер ретінде сөйледі.

Естеріңізге салсақ, Шәріп лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген айыппен сотқа тартылған. Атап айтқанда, СҚ «Фармация» қорғану киімін уақытылы жеткізбегендіктен, медицина қызметкерлері жаппай ауруға шалдықты деген айып тағылған. Алайда бұрынғы Денсаулық сақтау министрі мұндай айыппен келіспей отыр.

"Қауіптің өтінде жүрген медицина қызметкерлері ковидты түрлі жолмен жұқтыруы мүмкін. Сондықтан тек киім тапшылығына сілтеу - қате. Ал Шәріпке тағылған мұндай айыптың өзі негізсіз", - дейді Біртанов.

Бұрынғы шенеуніктің пікірінше, 2 млн қорғаныш киімінің дер кезінде жеткізілмегені Қытай тарапынан туындаған логистикалық келеңсіздік қана. Сол себепті СҚ «Фармацияның» бұрынғы жетекшісін айыптау орынсыз.

Еске салсақ Берік Шәріп былтыр тамызда  қамауға алынған еді. Сот тергеуі әлі жалғасып жатыр.