Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

"Есірткіні насихаттаған" Дудьтің ісі сотқа қайта түсті

Десе де істің қаралатын күні әлі белгіленбеген.

"Есірткіні насихаттаған" Дудьтің ісі сотқа қайта түсті
фото: ren.tv

"Есірткіні насихаттады" деп айып тағылған журналист, танымал блогер Юрий Дудьтің әкімшілік ісі Мәскеудің Зюзино аудандық сотына қайта түсті деп хабарлайды Paryz.kz, РИА Новости-ге сілтеме жасап. 

"Зюзино аудандық сотына Дудьқа қатысты әкімшілік іс материалдары түсті", - делінген агенттік мәліметінде.

Десе де істің қаралатын күні әлі белгіленбеген.

Айта кетейік, бұған дейін Дудьке Ресей Әкімшілік кодексі 6.13-бабының 1.1-бөлігі - "Интернетті пайдаланып есірткіні насихаттау" бойынша айып тағылған еді.

Тағы оқи отырыңыз: Против Дудя завели дело о пропаганде наркотиков

Дудьтің бағдарламаларын тексеру туралы өтінішті полицияға "Лига безопасного интернета" ұйымы түсірген. Сарапшылар оның блогер Иван Гай мен рэп-орындаушы Моргенштерннен алған сұхбатында есірткіні насихаттау болғанын айтқан.