Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Павлодарда ERTIS футбол клубының директоры сотталды

Тергеу барысында 2019 жылы ERTIS футбол клубының директоры салық органдарына бұрмаланған деректері бар мағлұмдаманы ұсынғаны анықталды.

Павлодарда ERTIS футбол клубының директоры сотталды
фото: ашық дереккөз

Павлодарда ERTIS футбол клубының директоры сотталды деп хабарлайды Paryz.kz, Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «ERTIS» футбол клубы» қоғамдық қорына қатысты бюджетке салық төлеуден жалтару дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп бітті.

Тергеу барысында 2019 жылы ERTIS футбол клубының директоры салық органдарына бұрмаланған деректері бар мағлұмдаманы ұсынғаны анықталды. Сол арқылы мемлекетке 193 млн астам теңгеге төленбеген салық түрінде залал келтірген.

Клуб директоры 3 жыл бойы қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымды атқару құқығынан айырыла отырып, 1 жылға сотталды.

Қылмыстық кодекстің 245-бабына сәйкес, бюджетке салық және өзге де төлемдерді өтеуден жалтарғандарға 1 жылдан 5 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.