Орал

image
Қоғам
Оралдық интервьюер алғашқы болып респонденттерді тіркеуді аяқтады
1 қазанда жалпыұлттық халық санағының дәстүрлі кезеңі бастау алды. Осы орайда интервьюерлер мекенжайлар бойынша сауалнама жүргізіп, тіркеуді бастады. Солардың бірі – Кәмшат Жұмағалиева. Ол Орал қаласына қарасты Желаев ауылдық округіндегі өзіне бекітілген аумақ бойынша 185 үйді аралап, респондентерді сауалнамадан өткізіп, тіркеуді толықтай аяқтады.
image
Қоғам
Оралда жарықтандыру жұмыстары жалғасуда
Өткен жылдан бастап Орал қаласы көшелеріндегі 13 мыңнан астам жарық шамды ауыстыру жоспарланып, осы мақсатта жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ 320 дана сыртқы жарықтандыруды басқару шкафтары ауыстырылды.
image
Қоғам
Оралда жаңа технологиямен ота жасалуда
Орал қаласындағы көпбейінді аурухананың дәрігерлері жаңа технологияларды қолдану арқылы ота түрлерін жасай бастады.
image
Қоғам
Оралда әйелдер волейбол ойнады
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Орал жастары» іс-шаралар легін жалғастыруда. Кезекті шара – әйелдер арасында ұйымдастырылған «Спорт – сенің серігің» тақырыбы таңдалған волейбол ойыны.
image
Қоғам
Санитарлық-экологиялық айлық: Оралда көгалдандыру белсенді жүруде
16 қазан күні ұйымдастырылған сенбілікте «Жұлдыз» шағын ауданына – 200, 10 шағын ауданға 100 түп терек отырғызылды.
image
Қоғам
Оралда ұлағаты ұстазды еске алуға арналған турнир өтті
 15-16 қазан күндері Орал қаласында ұлағатты ұстаз, саяси қуғын сүргінге ұшағаран ұлағатты ұстаз Т.Қатауовты еске алуға арналған волейболдан ашық қалалық турнир өтті. Оған Орал қаласы мектептері, Қаратөбе, Сырым аудандарынан жалпы 8 команда қатысты.
image
Қоғам
Оралда аулаларды абаттандыру жалғасуда
Орал қаласы бойынша билы 51 ауланы абаттандырудан өткізу  көзделді. Соның ішінде 29 ауланы кешенді абаттандыру жұмыстары шілде айында басталған болатын. Жобалық сметалық құжаттамаға сәйкес аулалардың ішкі жаяу және автокөлік жолдарын жөндеу, жарықтандыру,орындықтар, қоқыс жәшіктері, ақпараттық тақталар орнату, сонымен қатар балалар ойын және спорт алаңдарын жаңарту жұмыстар жүргізіледі.
image
Қоғам
Орал – ақынның отанына айналған қала
Орал қаласындағы «Уақыт тынысы. Тоқай – мәңгілікке саяхат» атты кеш өтті. Онда белгілі татар ақыны Ғабдолла Тоқайдың өмірі, шығармашылығы сөз болды.
image
Қоғам
Оралда пластмасса қалдықтарын өңдейтін цех іске қосылады
Жақын күндері Орал қаласында пластмасса қалдықтарды өңдейтін қос бірдей цех жұмысын бастамақ. Жобаны жүзеге асыру бизнесті қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламалардың арқасында мүмкін болып отыр.
image
Қоғам
Кітапхананың мүмкіндігі мол: Maker Space Oral шеберханасы ашылды
Орал қаласындағы Х.Есенжанов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Maker Space Oral» шеберханасы ашылды. Қазақстандағы АҚШ елшілігі мен «Шеврон» компаниясының біріккен жобасы жастардың бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік туғызбақ.
image
Қоғам
Оралда электр желілері жаңартылуда
Орал өңірінде электр желілерін жөндеу мен жаңарту жұмыстарына биылғы жылға арналған инвестициялық бағдарламасы бойынша қайта 439 млн теңге бағытталған.  Осы қаржының 200 млн теңгесі Оралдағы электр желілерін жөндеуге жұмсалуда. Өйткені шаһарда халық тығыз қоныстанған, қуатты көбірек пайдаланады.
image
Қоғам
Оралда "Мейірбандылық айлығы" аясындағы шаралар жалғасуда
13  қазан күні Орал қаласында мүмкіндігі шектеулі  жандар арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды. Бұл шара «Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризм және экология орталығында тимбилдинг форматында  ұйымдастырылды. Қатысушыларды қала әкімінің  орынбасары  Ерлан Ғалиев қолдап келді.