Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Санитарлық-экологиялық айлық: Оралда көгалдандыру белсенді жүруде

16 қазан күні ұйымдастырылған сенбілікте «Жұлдыз» шағын ауданына – 200, 10 шағын ауданға 100 түп терек отырғызылды.

Санитарлық-экологиялық айлық: Оралда көгалдандыру белсенді жүруде
Фото: Томирис Сұлтан

Көгалдандыру жұмыстарына қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ұйымдастыруымен жергілікті тұрғындар, аталған шағын аудандардағы білім ордаларының қызметкерлері, жастар ұйымдары, мешіт қызметкерлері белсенді қатысты.

Сондай-ақ қаладағы мектепке дейінгі ұйымдар өз аумақтарында ағаш отырғызып, тазалық жүргізді. Шараға 1300-ден астам бөбекжай қызметкері жұмылдырылды. Олар қайың, үйеңкі, шырша, тау күлі, каштан, қарағай, емен ағаштары бөбекжайлар аумағына түптендірді. Сонымен қатар алхоры, шие сынды жеміс ағаштарының көшеттері де бар. Жалпы 400-ге жуық түп отырғызылды.

Сонымен қатар сенбілік Жайық, Шаған өзендерінің жағалауында ұйымдастарылды. Қаланың жоғары оқу орындары мен колледж студенттері өзендердің жағалауларын күл-қоқыстан арылтты.

Томирис СҰЛТАН