Спорт
Зарина Дияс Страсбург турнирінің ширек финалына шыға алмады
Қазақстандық Зарина Дияс Страсбург WTA турнирінің ширек финалына шыға алмады. ҚазАқпараттың хабарлауынша, әлемнің 76-ракеткасы З.Дияс екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 84-орында тұрған жапониялық Нао Хибиномен шеберлік байқасты.