Новости Казахстана
Алматыда ерекше жандарға арналған Наурыз ұйымдастырылды
Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Шаңырақ» және «Алатау» әлеуметтік қызметтер орталығында Наурыз мерекесіне арналған концерттік бағдарлама өтті. Оның көрермендері қала ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар, нейропсихиатриялық аурулары бар балалар және басқа да шақырылған қонақтар болды, – деп хабарлайды Paryz.kz.