Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Депутат ауру баланың күтіміне жауапты ата-ананы зейнетке ерте шығаруды ұсынды

Бүгін Парламент Мәжілісінде медицина саласындағы мәселелерді талқsлауға арналған жиында депутат Дәулет Мұқаев церебралды сал ауруына шалдыққан баланың күтіміне жауапты ата-ананың бірін зейнетке ерте шығару ұсынысын айтты.

Депутат ауру баланың күтіміне жауапты ата-ананы зейнетке ерте шығаруды ұсынды
Фото: Pexels

16:33, 18 Наурыз 2024 | GMT +6

 

Депутат ауру баланың күтіміне жауапты ата-ананы зейнетке ерте шығаруды ұсынды

бала

Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Парламент Мәжілісінде медицина саласындағы мәселелерді талқsлауға арналған жиында депутат Дәулет Мұқаев церебралды сал ауруына шалдыққан баланың күтіміне жауапты ата-ананың бірін зейнетке ерте шығару ұсынысын айтты.

«Аутизм, церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға өмір бойы ересек адамның күтімі керек. Оның жанында адам жүруі қажет. Осыған байланысты олардың ата-аналарының біреуінің зейнет жасын төмендету жағын қарастырып отырсыздар ма? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге кешенді жұмысты жоспарлап отырсыздар ма?», - деп сұрады Д. Мұқаев. 

Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова зейнетке байланысты тиісті министрлік қаражат көлемін есептеуі керек екенін айтты.

Сонымен қатар отырыстан кейін тілшілер министрден депутаттың аталған ұсынысын жүзеге асыру мүмкіндігі туралы сұрады. 

«Негізі мәселені зерттеуге, ұсынысты қабылдауға болады. Біз ұсынысты қарастfрымыз», - деді А. Әлназарова.