Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Ақылды адамдар тойға бармайды»: Омар Жәлелдің пайымы көпшілікті тағы шулатып жатыр

Ғалым Qazaq Airan арнасына сұхбат беріп, қазақы менталитет туралы пікір-пайымын жеткізген, - деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Ақылды адамдар тойға бармайды»: Омар Жәлелдің пайымы көпшілікті тағы шулатып жатыр
фото: ви

“Қытайларда той жасау секілді әдет жоқ, өмір бойы жұмыс істейді. Қазақтар секілді кез келген қуанышқа арнап жасайтын тойлар Түркияда да жоқ. Бұл қазақтардың халық ретінде бос уақыты көп, өз ісі мен кәсібі жоқтығын аңғартады. Жеке кәсіппен айналысатын қазақтар аста-төк тойлардан бас тартып жатады. Ал Қазақстан жағдайында кәсібі жоқ, тұрақты жұмысы жоқ адам өзін жұбату үшін той жасай береді” – дейді Омар Жәлелұлы. 

Абайтанушы көршілес Өзбекстанның тойларынан мысал келтіреді. 

“Өзбекстанда тойды таңертең ерте өткізу әдетке айналған, адамдар уақытты босқа өткізбей, одан кейін жоспарлы істерін шешуге үлгеруі үшін. Міне, нағыз іскер ұлттың мысалы”, – дейді ғалым.

Ғалым Қазақстанда аптаның жеті күнінде де өте беретін тойларды сынға алып, ақылды адамдардың тойға бармайтынын айтты. 

“Қазақстанда ақылды адамдар тойға бармайды. Мәселен, қазақтың көрнекті ғалымы, академик Қаныш Сәтбаев өз заманында тойға бармаған. Өйткені ғылыми тұрғыдан алғанда, бәрі айқын: бұл уақытты ысырап ету. Той режимді бұзып, ғылыми қызметке зиянын тигізеді”, – дейді Омар Жәлелұлы. 

Ғалымның айтуынша, бұрын тойды тек байлар жасаса, ал қазіргі тойлар ақша жинаудың бір түріне айналып кеткен.