Қоғам
Ақылы бар еркек әйеліне қол көтермейді – Нұрлан имам
Кейінгі кезде отбасылық кикілжің барысында ер-азаматтардың жарына қол жұмсауы жиілеп кетті. Оны күнделікті ақпарат беттерінен де оқып жүрміз. Мәселен, өткен жылдың өзінде ғана 70 әйел отбасылық жанжалдың құрбаны болса, таяуда ғана елордадағы мейрамханалардың бірінде жарының жұдырығынан жас келіншек мерт болды. Осы келеңсіздіктерге байланысты Kazinform тілшісі Ырыскелді қажы атындағы мешіттің бас имамы Нұрлан имам Байжігітұлын сөзге тартып, бірқатар сауалға жауап алды.