Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Отбасында тек еркектің үстемдік етуі өткен уақытта қалуы керек – Қошанов

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Орталық Азия елдері әйелдері диалогының халықаралық конференциясында қзақ халқының әйелдерге көрсеткен ерекше құрметі жайлы айтты, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Отбасында тек еркектің үстемдік етуі өткен уақытта қалуы керек – Қошанов
Фото: opennews.kz

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен соңғы екі жылда әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғайтын инспекторлардың штаты екі есеге көбейтілді. Әйелдерді тек әйелдер ғана түсінеді. Сондықтан біз әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық істерді тергейтін әйелдер мамандығын енгіздік. Жедел-тергеу тобына республика бойынша 280 тергеуші әйел қосылған. Қазақстанда алғаш рет пилоттық режимде әйелдердің полиция учаскесі құрылды. Онда тек әйелдер ғана жұмыс істейді. Жәбірленген әйелдер осындай учаскелерге келіп, қорғаныс сұрай алады. Бұл тәжірибені жақында ел бойынша енгізу көзделіп отыр», - деді Ерлан Қошанов.

Оның айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдарымен ғана емес, оның пайда болу мүмкіндігімен күресу керегін айтты.

«Ол үшін дұрыс қойылған идеологиялық жұмыс қажет. Отбасында тек еркектің үстемдік етуі өткен уақытта қалуы керек. Мектептен бастап өскелең ұрпаққа дұрыс құндылықты насихаттау керек. Халық арасында құқытық мәдениетті енгізіп, кез келген зорлыққа нөлдік шыдамдылықты тәрбиелеу керек. Мемлекет басшысы айтқандай, заң мен тәртіптің үстемдігі жүруі керек. Біздің халқымызда ана мен әйелге, қызға сыйластық пен қамқорлық қарым-қатынас болған. Біз ата-бабаның дәстүрін құрметтеп, қоғамда әйелдің рөлі мен орнына ерекше көңіл бөлдік. Бүгінде жылдам өзгеретін әлемде халқымыздың осындай құндылығын жойып алмағанымыз абзал», - деді Ерлан Қошанов.