Происшествия
"Қаңтар оқиғасы": Азаматты азаптаған күдікті қамауға алынды
Талдықорғанда Н.Назарбаевтың ескерткішін құлатты деп айыпталған Азамат Батырбаевтың уақытша ұстау изоляторында аяусыз соққыға жығылғаны белгілі болған еді. 37 жастағы Азаматты азаптау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ал 1 наурызда Азаматтың адвокаты күдіктінің қамауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.