Алматы тауларында ер адамның өлімі тіркелді

Алматы тауларында 60 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы тауларында ер адамның өлімі тіркелді
Сурет: Nur.kz

Бұл туралы ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы Instagram парақшасында хабарлады. Жедел-құтқару жасағының мәліметінше, 27 ақпанда сағат 13:55-те кезекші пультіне туристің "Проходное" шатқалына көтерілу кезінде есін жоғалтқаны туралы хабар түскен.

Ер адамның жанында танысы болған. Жарты сағаттан кейін РЖҚЖ мен кинологиялық бригада шатқалға келіп, Қасқабас тауына қарай, оқиға орнына қарай барған. Алдын ала тексеру кезінде ер адамда тіршілік белгілері байқалмаған. Содан кейін құтқарушылар марқұмның денесін тасымалдау жұмыстарына кіріскен. Сағат 18:05-те оны Апаттық медицина орталығының қызметкерлеріне берген. Мамандар ер адамның өлімін тіркеген. Өлімнің алдын ала себебі - өкпе артериясының эмболиясы.