Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Салтанат тірі қалар еді»: Меруерт Түсіпбаева Бишімбаевтың бұрынғы әйелін сынға алды

ҚР мәдениет қайраткері, әнші Меруерт Түсіпбаева істі болып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Қаһарманды сынға алды, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Салтанат тірі қалар еді»: Меруерт Түсіпбаева Бишімбаевтың бұрынғы әйелін сынға алды
Коллаж: sn.kz

Әнші Меруерт Түсіпбаеваның айтуынша, экс-министрдің бұрынғы әйелі Назым Қаһарман ел алдына шығып, сұхбат беруі ештеңеге әсер етпейді.

"Бұл әйелді ең бірінші рет теледидардан, Бишімбаевтың мемлекеттен қаржы жымқырды деп күдікке ілінгенінде көрген едім. Сонда, білімділігін бөлек қойғанда, күйеуіне деген адалдығы тәнті еткен еді. Бүкіл әлем қарсы шыққанда, қарлығаштың қанатымен су сепкендей, жан- тәнімен жұбайын, балаларының әкесін, сүйіктісін қорғап, жан ұшырғаны…

Салтанаттың трагедиясынан кейін, әр жерде бір жылтыңдап, сұхбат беріп, өйтіп еді, сөйтіп еді, ал мен мықтымын, тірі қалдым дегендей сайрап...

Алдында қалыптасқан ойымды 100 % өзгертті", - дейді әнші.

Өнер иесінің айтуынша, Бишімбаевтың бұрынғы әйелі отбасындағы жанайқайын ертерек жеткізгенде тіпті Салтанат та тірі қалар еді. 

"Егер, бұл айел , өзі ажырасып жатқан кезеңде, дәл казіргідей жанайқайын қоғамға жеткізіп ашық айтса ғой, Салтанат тірі болар ма еді, деген ойлар келеді. ”Ақсақ қой түстен кейін маңырай ма?!”. Бояуы сіңгенде, бәлен жыл тұрып, 3 бала туған еркекті жамандағаннан кімге пайда бар?! Ол қандай болса да , балалардың әкесі болып қалады! Күлге аунап тумады ғой. Бұл жайтты өзгерту мүмкін емес! Балаларының тегі- қаны соныкі! Дау өршіп тұрған дәл казіргі уақытта, өз басым , ана ретінде , балаларымның жан тыныштығы үшін, үндемей отырар едім. Әттең- ай. Бұлай танымал болмай- ақ қойсақ", - деп әнші пост жазды Instagram парақшасынды. 

«Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты «Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады Ерлан Саиров: Богатые должны нести большую налоговую ответственность Ерлан Саиров: Богатые должны нести большую налоговую ответственность