Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Ауыл тұрғындары қоңырау шалу үшін тауға шығады

Алматы облысы Көкжар ауылында кей балалар интернет дегеннің не екенін білмейді, деп хабарлайды Paryz.kz, Хабар 24-ке сілтеме жасап.  

Ауыл тұрғындары қоңырау шалу үшін тауға шығады
Сурет: ашық дереккөз

Қытаймен шектесетін шекаралық аймақта орналасқан елді мекенде телефон байланысы жоқ емес, бар. Бірақ машақаты көп. Қоңырау шалғысы келгендер үйді айналып, тау жағалап кетеді. Бұл ауылда ауызсудың жыры бітпеді. Тіпті жұрттың біразы тіршілік нәрін әлі күнге иінағашпен тасып жүр. Көкжар ауылында елу шақты оқушы бар. Олар 1856 жылы көпестің үйі ретінде салынған көне ғимаратта екі ауысыммен оқып жатыр. Түске дейін бастауыштағылар одан кейін тоғызыншы сыныпқа дейінгілер білім алады. Балаларымызға қазіргі заманға сай мектеп қажет,-дейді ауыл тұрғындары.

Бұл мектепте мен оқыдым. Бірінші класқа барып бітірдім. Қазір балаларым бітірді немерелерім оқып жатыр. Үлкендердің айтуынша бұл мектеп 100 жылдан асып кетті. Орыстардың шіркеуі болған. Мына ауыл осы мектеп арқылы ұсталып отыр. Бұл мектеп жабылса жастардың көбі кетіп қалады, - дейді ауыл тұрғыны Светлана Айтжанова.

30 жылда бұл ауылдан тұрғындардың 70 проценті көшіп кеткен. Қазір небәрі 250 шақты адам қалды. Ауыз су ең өзекті мәселеге айналған. Өйткені тұрғындар әлі күнге дейін тіршілік нәрін бастаудан алып отыр. Иін ағашпен су тасу әсіресе Лидия Ивановна сияқты егде жастағыларға қиын.  48 жылдан бері осы жерден су алам. Кей кезде күніне екі үш рет келем. Жас күнімде білінбейтін. Жасым ұлғайған сайын суым ауырлап, жоғары қарай көтерілу қиындап барады. 5 жыл бұрын елді-мекеннің бір бөлігіне  орталықтандырылған ауыз су жүйесі жүргізілген. Қыста қатып қалғандықтан тұрғындар оны пайдалана алмай отыр.

Биыл Үйгентас ауылдық округінен 5 ауылға ЖСҚ әзірленуде. Оларды атап айтатын болсақ  Теректі, Бибақан, Кеңес, Лепсі, Екіпінді ауылы. Скл Жобалық сметалық құжаттарын аяқтасақ 2023 жылға құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Алакөл ауданындағы шекаралық аймақта 20 шақты ауыл орналасқан. Ондағы әлеуметтік мәселелер бірінші кезекте шешілуі керек. Сонда ғана шекара шебіндегі елді мекендерді сақтап қалуға болады, - деді аудандық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясының бас маманы Алмас Жұмабеков