Алматыда полицейлер жеңіл автокөліктің артқы терезесіне "Z" әріпін жазу дерегі бойынша тексеріс бастады. Бұл туралы полиция департаменті башысының орынбасары Рустам Абдрахманов мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.
"Қазір аталмыш дерек бойынша тексеріс бастап, көлік иесінің әрекеті Қазақстан Ресбупликасының заңнамасына сәйкестігін анықтаймыз. Сонымен қатар әріптің көліктің терезесіне не себепті жазылғанын да тексереміз", - деді Рустам Абдрахманов.
Айта кетейік, Украинада арнайы операция өткізіп жатқан Ресей әскери техникаларында да дәл осындай "Z" әріпі жазылған еді.