"Артықтау кетіп қалды": Ұлықпан Жолдасов Бақыт Шадаеваға жауап берді

Белгілі композитор Ұлықпан Жолдасов Димаш Құдайбергенді сынға алған Бақыт Шадаеваға жауап берді. Ол өнердегі әріптесінің сөздерін түсіне алмаған, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

"Артықтау кетіп қалды":  Ұлықпан Жолдасов Бақыт Шадаеваға жауап берді
Сурет: Nur.kz

Ұлықпан Жолдасов Шадаеваның сынына қатысты өз пікірін  айтты.

"Бақыт артықтау кетіп қалды. Әншіні сынамас бұрын оның жүріп өткен жолын, не істеді, не бітірді, соның бәрін жақсылап қарап алу керек еді. Бақыт оның оқығанын байқамаған шығар, қарамаған, тексермеген. Негізінде ол (Димаш) музыкалық колледжде 4 жыл оқыды, мектепті айтпай-ақ қояйық. 4 жыл "Шабытта" оқып, 2 жылдық магистратураны бітірді. 10 жыл оқып, енді докторантураға дайындалып жатыр. Соған қарап, бұл кісінің айтқанын түсінбей қалып отырмын. Сонда 10 жыл оқыған білімі қайда кетті? Даусы қойылмаған дейді, әбден қойылған. Әйгілі Бачелли, Лев Лещенко, т.б. көптеген шетелдік әртістер таңғалып, даусына мән беріп, тыңдап, небір вокалдан беретін адамдар оның даусын іліктеп, жіктеп, баға беріп отырғанда, соның бәрін көрмей отыр ма? Соған таңғалып отырмын. Байқамай айтып жіберді-ау әлде пандемия кезінде ауырыңқырап қалды ма екен? Сын айту үшін ол (Димаш) сияқты айта білу керек қой", - деді Жолдасов.