Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Үш жыл бойы Құдайдан сұрадым». Баян Мақсатқызы қазіргі күйеуімен қалай табысқанын айтты

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы "Без мишуры" youtube-арнасында қазіргі күйеуі Тұрсын Алагөзовпен қалай табысқаны туралы айтты, - деп хабарлайды Paryz.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

«Үш жыл бойы Құдайдан сұрадым». Баян Мақсатқызы қазіргі күйеуімен қалай табысқанын айтты
фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесі Құдайдан махаббат беруін сұрап, тілек тілеген.

"Үйдегі балконға түнде жиі шығатынмын. Экс-күйеуім түнде үйде болмайтын. Балконға шығып, аспанға қарап, үш жыл бойы Құдайдан махаббат сұрадым. "Құдай, маған махаббат берші, менің сүйгім келеді, махаббатты сезінгім келеді. Бұлай өмір сүргім келмейді. Махаббатсыз мен өлемін. Махаббатымның бәрін жұмыс пен балаларға беруден шаршадым" деп айтатынмын. Құдай маған махаббатымды жібергенде, тағы да балконға шығып, "осы ситуацияға рұқсат берші" деп сұрадым. Құдай тілегімді орындады. Неге бұлай сұрадым? Себебі мен әйелі бар адамға дым болмағандай, "бәрін таста, екеуміз бақытты боламыз" деп айта алмадым. Тұрсыннан "отбасыңды не істейсің" деп те сұрамадым. Себебі бұл этикаға жатпайды. Ол еркек, барлық шешімді өзі қабылдау керек деп ойладым. Одан "әйеліңмен ажырас, солай істеуге тиіссің" деп те айтпадым. Ересек адам болғандықтан, "бұл - сенің шешімің" дейтінмін", - деді ол.