"Көп ойландым": Фариза Төреәлі орамал таға бастады

Әнші Төреғали Төреәлінің туған қарындасы өз туған күнінде оқырмандарын таңғалдырды. Фариза Төреәлі өміріндегі өзгерістері туралы сыр шертіп, енді орамалды шешпей тағатынын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

"Көп ойландым": Фариза Төреәлі орамал таға бастады
Сурет: Nur.kz

Фариза Төреәлі бұл өзгерістері туралы жан сырын Instagram парақшасында ақтарды. Ол орамалмен түскен суретін жариялап, жаңа өмірге қадам басқанын жеткізді.

"21 жасым қош келдің! Бүгін Алла қалауымен Рамазан айы бітті, Айт мерекесі және менің туған күнім. Бұл ай мен үшін тосынға толы болды, түрлі жайттардан біраз сабақ алдым, өмірім жайлы, өзім жайлы көп ойландым. Үлкен және жаңа өмірге қадам басып, Алла қалауымен орамалға келдім. Туған күнімді ерекше ұйымдастырып, ұмытылмастай тосынсый жасаған жарыма шексіз рахмет! Нью-Йорк. Круизда кешкі ас, бағалы сыйлықтар, гүл шоқтары және тек екеуміз. Бәрі түс секілді, Алланың берген әр нығметіне іштей шүкіршілік етіп, көңілім босады. Бір жыл бұрын осындай өмір күтіп тұрғанын тіпті елестете алмас едім, шүкір етуден шаршамаймын. Жыл сайынғы туған күндерім бірінен бірі өтуде, мені қуантуға тырысып жатқан жарыма Алла разы болсын! ⠀ Өмір сыйлаған ата-анама рахмет! Ата-анамыз, бауырларымыз аман, дені сау, жарым қасымда. Альхамдулиллях мен өзімді бақытты сезінемін", - деп жазды ол.