"Тұрмысқа шығу қиын емес" - Гүлназ Жоланова жеке өміріне қатысты айтты

Гүлназ Жоланова “тұрмысқа қашан шығасың?” деген сұрақтан мезі болғанын айтады. Актриса жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы актриса Нұрмұхан Мұқанұлына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Тұрмысқа шығу қиын емес" - Гүлназ Жоланова жеке өміріне қатысты айтты
Сурет: ашық дереккөз

Бұл адамның жеке шекарасына өту, мәдениетке сай сұрақ емес деп кейіді. 

“Тауға барсам да, қыдырып жүрсем де, шетелде жүрсем де, басқа жұмыспен жүрсем де, “тұрмысқа шықпайсың ба?” деп жатады. “Қашан шығасың?” деп сұрайды. Әбден жауыр болған сұрақ. Былай қарағанда тұрмысқа шығу қиын емес. Ертең-ақ, арғы күні де тұрмыс құра салуға болады. Барлық қыз үшін оңай. Бірақ тұрмысқа шыққаннан кейінгі өміріңді ойлау керек. Біреудің жеке өміріне өту, жеке шекарасына өту – әбестік. Кім, қашан тұрмыс құрады, өзі біледі. Екінші балаңды қашан өмірге әкелесің, қашан балалы боласың деп те сұрайтындар бар. Бұл да әдепсіздік деп білемін”, – деді актриса. 

Желі қолданушылары оның сөзін құптай жөнелді. 

“Әрине, сізге жігіт табу қиын емес”, “Кейбіреулер ешкім кездеспегеннен тұрмыс құрмайды, оларға уаыр тиеді”, “Тұрмыс құдайдың бұйрығымен болады”, “Жақсы жігіт кезіксін”, “Қыздардың бәрі бақытты болсын”, “Орынсыз сұрақты айтып үйрету керек”, “Кейбіреулер әдейі қояды”, ”Өз әбестігін білмейді, әдейі сұрайды”, –деп жазды олар.