"Еркек емессің, қатын сияқтысың!": Супер Мамасита Жаһан Отарғалиевке ашулы

Күні кеше қызыл жіп сатып аты мәшһүр болған блогер Әлия “Super.mamasita” Байтуғаева белгілі актер Жаһан Отарғалиевті “қатынға” теңеді. Себебі Жаһан Отарғалиев Әлия Байтуғаеваның қызыл жібін көпшілік ортада мазақ қылған, деп хабарлайды Paryz.kz, Altyn-orda.kz-ке сілтеме жасап. 

"Еркек емессің, қатын сияқтысың!": Супер Мамасита Жаһан Отарғалиевке ашулы
Сурет: ашық дереккөз

– Әлия Байтуғаның Instagram аккаунты блокқа түсіп қалғанда қызыл жіп көмектесті ме? Жоқ! Сол кезде ол өкіріп жылады. Қане қызыл жіп? Сол себепті де оған сенудің қажеті жоқ, – деді актер блоерді келеке етіп. 

Өз кезегінде блогер Отарғалиевті “еркек емес” деп сынға алды. 

– “Еркек сықылды қатынсың. Еркек адам өзін осылай ұстай ма? Қандай масқара! Осындай қазақтар үшін ұяламын!” – деп жазды Байтуғаева Instagram-да сторис бөлімінде.