"Аяғы ауыр секілді": Жұлдыз Өмірғалидің жаңа суреттері талқыға түсті

Айқын Төлепбергеннің келіншегі желіде жаңа фотосын бөлісіп, оқырмандардың қызу талқысына қалды. Қалың көпшілік Жұлдыз Өмірғалидің аяғы ауыр екенін болжауда, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

"Аяғы ауыр секілді": Жұлдыз Өмірғалидің жаңа суреттері талқыға түсті
Сурет: ашық дереккөз

Желі қолданушыларының жүктілікке қатысты болжамдарына Instagram желісіндегі фото себеп болған.

Олар суретте әншінің іші шығып қалғанын жазып, оның алдағы уақытта сәбилі болатынын топшылады.

"Аяғы ауыр секілді ғой", "Жүкті қыз", "Аяғы ауыр әйелдер – ең сұлу әйелдер", "Шарларға қарап гендер-пати деп ойлап қалдым", - деп жазуда желідегілер. Алайда Айқын Төлепбергеннің әйелі бұл болжамдарға қатысты ешқандай жауап қатпады. Ол халық арасында тарап жатқан ақпаратты растаған да, теріске шығарған да жоқ.