Балқашта автобус аударылып қалды

Қарағанды облысының ТЖД "Балқаш" трассалық медициналық-құтқару пунктінің 4 қызметкері мен 1 техникасы зардап шеккен 6 адамды Балқаш қаласының ауруханасына жеткізді.

Балқашта автобус аударылып қалды
Фото: ашық дереккөз

"Алматы-Екатеринбург" тас жолының Гүлшат кентіне жақын учаскесінде 11 жолаушысы бар автобус аударылып қалды. "Балқаш" трассалық медициналық-құтқару пункті 6 адамды ауруханаға жеткізді деп хабарлады paryz.kz, Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13 желтоқсан күні сағат 12.45-те Ақтоғай ауданында "Алматы - Екатеринбург" тас жолының 1918 шақырымында, Гүлшат кентінен 10 шақырым жерде "Мерседес" рейстік автобусы аударылып кетті. 

"Салонда 11 жолаушы және 1 жүргізуші болды. Қарағанды облысы ТЖД "Балқаш" трассалық медициналық-құтқару пунктінің 4 қызметкері мен 1 техникасы зардап шеккен 6 адамды Балқаш қаласының ауруханасына жеткізді", - деп мәлімдеді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.