"Сіз мінген автобус басқа жаққа кетіп бара жатса, "ойбай, тоқтатыңыз, түсіп қаламын" деп шыңғырасыз ғой. Жаман ой адасқан көліктен жаман!" - дейді ол.
Түйіткілді шешу үшін депутаттар Көлік бақылау департаменті өкілдеріне айыппұл рәсімдеу құқығын беруді ұсынбақ. Жоспар дайын, өзгерістер жуық арада Мәжіліске жолданбақ.
"8 ақпандағы жүргізушілердің ереуілі - үлкен мәселе. Біріншіден, біз тендерді жеңіп алған заңды тұлғалармен жұмыс істейміз. Шартқа сәйкес, олардың автобустары желіге шығуға міндетті", - деп мәлімдеді Қостанай қаласы әкімінің орынбасары.