"Әйелдер көз жұмуда, ал дәрігерлердің лауазымы өседі": Босану кезінде мерт болған әйелдердің туыстары наразылық білдірді

Алматы облысында босану кезінде қайтыс болған әйелдердің отбасы дәрігерлерді салғырттық танытты деп айыптады. Алматылықтар жүктілерің дені сау болғанына сенімді, бірақ олардың дәрігерлермен жолы болмаған. Алайда "мамандардың" ешқайсысы жазаланбағанына халық шағымдануда. Олар бұл іске полиция өз деңгейінде қарап жатпағанына наразы, деп хабарлайды Рaryz.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Әйелдер көз жұмуда, ал дәрігерлердің лауазымы өседі": Босану кезінде мерт болған әйелдердің туыстары наразылық білдірді
ашық дерек көздерінен

Осыдан екі жыл бұрын 30 жастағы Алеся Яковлева босану кезінде қайтыс болған. Әйел Ұзынағаш ауылының перзентханасында кесарь тілігінен кейін көз жұмды. Туыстары Алматы тұрғыны қансырап ауруханада бір тәуліктен астам уақыт жатқанын айтады. Бірақ дәрігерлердің ешқайсысы оған көмектеспеген көрінеді. Ол қайтыс болғаннан кейін марқұмның жатырын алып тастағаны белгілі болды. Туыстары полицияға арызданған. Бірақ арада екі жыл өтсе де іс алға жылжымады деп отыр.

“Талдықорғанда сараптама жасадық. Ол 7 айдан астам уақытқа созылды, бұл барлық ережелерді бұзады. Бұл тексеруде әпкеме сырқатнамасында көрсетілмеген диагноздар қойылды. Облыстық прокуратураға бірнеше рет арыздандым, Талдықорған сараптамасының заңбұзушылықтарын бап-баптап айтып бердім. Бірақ әлі нәтиже жоқ. Жауап та алмадым”, – дейдә Екатерина Галкина.

Марқұм Наргиз Сәрсекееваның әпкесі құқық қорғаушыларды әрекетсіздік танытып отыр деп айыптады. Бойжеткен осыдан үш жыл бұрын Сарыөзек ауылындағы ауруханада көз жұмды. Полиция істі кейінге қалдырып жатыр, деп шағымданады әйел. Туыстары тәртіп сақшыларының кінәсінен дәрігерлер науқастың өліміне кінәлілер жазадан құтылып кете ме деп қорқады.

“Қазір бұл іспен Алматы облысының полиция департаменті айналысуда. Іс 3 жылдан бері тергелуде. Биліктің біліксіздігінен не сараптама біліксіздігінен. Бұл тексерулердің барлығы кем дегенде 7-8 айға созылады. Бұл қандай да бір үйлестірілген жүйе сияқты”, – дейді марқұм әйелдің әпкесі Фариза Сәрсекеева.

Босанған әйелдердің туыстары барлық инстанцияның табалдырығын тоздырса да, дәрігерлер өз кінәсін мойындамай отыр, – дейді марқұм Айжан Шепенованың күйеуі.

Әйел Наргиз Сәрсекеевамен бір ауруханада көз жұмды. Дәрігерлер сәбиді де, ананы да аман алып қала алмады дейді ер адам.

“Мен әйелімді көрсетуді сұрадым. Ол операция бөлмесінде емес, үстіне мата жабылған лифтте жатқан. Дәрігерлер оның кесарь тілігі кезінде қайтыс болғанын айтып отыр, ал мен лифтте баланың іште болғанын көрдім. Мен таңғалдым, мұны түсіріп алуды ойламаппын. Ол қайтыс болғаннан кейін олар баланы шығарып алған. Ал салғырттығы үшін дәрігерлерді жазалау ешкімнің ойына да келмейді. Іс созылып жатқанда дәрігерлер қызметтері бойынша көтеріліп, алғыс астында қалып жатыр. Не үшін? Адам өлтіргені үшін бе?”, – дейді Бақытжан  Ерментаев.

Марқұм әйелдердің туыстары олардың істерін Бас прокуратурадан бақылауға алуын сұрайды. Әйтпесе, мұндай жағдай жалғаса бермек.