Бишімбаев қана емес, ол тұрған үйдің де рейтінгі түсіп, абыройдан айырылды, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
Қазақстандықтар 2Gis қосымшасына Астанадағы Қуандық Бишімбаев тұрған «Central Park» тұрғын үй кешеніне жағымсыз пікірлер қалдырып, жаппай 1 деген баға қойған.
«Мұнда қанішер тұрған», «Бұл үйге байкот жариялаймыз», «Қылмыскермен көрші тұру деген қандай қорқынышты еді», «тіпті 1 деген бағаны аяймын», «Қарғыс атқан үй», «Бұл үйде кісіні өлігенше азаптаған Қуандық тұрған» деген пікірлер өріп жүр.
Арасында «1 бал қоятындай үйдің қандай кінәсі бар» деп Бишімбаев тұрған үйдің рейтингін түсірмеуді сұраған пікір де кездеседі.
Еске салайық, әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатігездікпен қинап өлтірген экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталған.