Алматыда жүкті келіншек 18-қабаттан секіріп кетті

Алматыда Алмалы ауданындағы тұрғын үй кешенінде жүкті келіншек 18-қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды

Алматыда жүкті келіншек 18-қабаттан секіріп кетті
Фото: pixabay.com

Оқиға 1 наурызда сағат 12.20 шамасында, Алмалы ауданындағы «Манхэттен» тұрғын үй кешенінде болған. Кейін оқиғаның видеосы желіде тарады.

Видеода жедел жәрдем қызметкерлері мен өтіп бара жатқан адамдар асфальтта жатқан келіншектің жанына жиналған. Ал жазба сипаттамасында жүкті әйелдің 18-қабаттан секіргені және екіқабат екені айтылған.

Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған, ал мән-жай әлі де анықталуда.