Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Әкім Ринат Ибрагимов бұрынғы әйелінің айыптауларына қатысты пікір білдірді

Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов экс-әйелінің айыптауларына жауап берді, - деп хабарлайды Paryz.kz.  

Әкім Ринат Ибрагимов бұрынғы әйелінің айыптауларына қатысты пікір білдірді
Фото :gov.kz, instagram.com/umbetkaliyeva_notarius

Шенеунік өзіне жала жабылды деп санайды.

"Бұрынғы әйелімнің тарапынан маған тағылған айып БАҚ-та тарап кетті. Жеке өміріме қатысты пікір білдіру орынсыз деп санаймын. Ал бұрынғы әйеіме сана берсін деймін. Ол соңғы жайттарға байланысты түрлі видеоны қарап алып, менің жұрт алдында жүргенімді біліп, осындай мәлімдеме жасаған болуы керек.

Ортақ балаларымыз - екі қызымыз менімен тұрады. Бұл қыздарымның және соттың шешімі. Ұрып-соғуға қатысты - қазір сот процесі жүріп жатыр, БАҚ өкілдерінен асығыс шешім қабылдамауды сұраймын", - дейді аудан әкімі.