Дәрігерлер Пеленің нақты неден қайтыс болғанын айтты

Пеле ем алған бразилиялық «Альберт Эйнштейн» атындағы емхана дәрігерлері «футбол патшасының» нақты неден қайтыс болғанын айтты деп хабарлады Paryz.kz ақпарат агенттігі.

Дәрігерлер Пеленің нақты неден қайтыс болғанын айтты
Фото: ашық дереккөз

«Альберт Эйнштейн» емханасы Пеленің 29-желтоқсан күні, нақты сағат 15:27-де (жергілікті уақыт) қайтыс болғанын растайды. Оның маңызды мүшелері жұмыс істеуін тоқтатты және ішектегі рактың тікелей әсері болды», – делінген хабарламада.

Әлемнің үш дүркін чемпионы, футболдың «патшасы» атанған Пеле 82 жасында қайтыс болды. Бразилияда үш күндік еске алу жарияланды.