"Шешен президент бола алмай ма не": Қадыровқа Путиннің орнын басу туралы сұрақ қойылды

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Ресей президенті болып сайлана алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Шешен президент бола алмай ма не": Қадыровқа Путиннің орнын басу туралы сұрақ қойылды
Фото: ашық дереккөз

Жылды қорытындылауға арналған баспасөз мәслихаты Шешенстан басшысынан журналистер “Ресей президенттігіне сайлана аласыз ба?” деп сұрады.

"Неге сайланбасқа, мен Ресей азаматымын, басқаларға болады, ал шешен азаматына президент болуға рұқсат жоқ па не?"- деп жауап берді Қадыров.

Бірақ ол президенттікке таласпайтынын айтты. Оның айтуынша, Кремльдің қазіргі басшысы Владимир Путиннен кейін елді басқару "іс жүзінде мүмкін болмайды".

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов Путин Қадыровтан қорқады деп мәлімдеді, өйткені Шешенстан басшысы оған үлкен қиындықтар тудыруы мүмкін.