Латвия "ел азаматтарын шекарадан жеңіл ережемен өткізу" жөнінде Ресеймен келісімді тоқтатты

Латвия үкіметі 1 тамыздан бастап "шекаралас аудандардағы екі ел азаматтарын шекарадан жеңіл ережемен өткізу туралы" Ресеймен арадағы келісімді тоқтату жөнінде шешім қабылдады деп хабарлайды Рaryz.kz t.me/azattyq  сілтеме жасап.

Латвия "ел азаматтарын шекарадан жеңіл ережемен өткізу" жөнінде Ресеймен келісімді тоқтатты
BBC

Латвия билігі бұл шешімін Латвияның Псковтағы консулдығын Ресейдің жауып тастағанымен байланыстырған. Псковтағы Латвия консулдығы — Ресей азаматтарына шекарадан өтуге рұқсат беретін жалғыз дипломатиялық өкілдік болатын. Келісім 2010 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан.

Бұған дейін Латвия Ресейдегі елшісін қайтарып алып, Ресей азаматтарына виза беруді тоқтатқан еді. Мұны Ресейдің Украинаға басып кіргеніне жауап ретінде жасаған.

Жексенбі күні Латвияның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі Ресей журналистерінің Латвияға жапай келе бастағанына алаңдайтынын білдірген.

Бұл мәліметке қарағанда, биыл ақпан айынан бері Ресей БАҚ-тарының 200-ден астам қызметкері шекарадан өткен. Оларға Латвия "дәстүрлі түрде арнаулы қызметтің бақылау аясында жүретіндер" деп қарайды. Дегенмен, Латвия Ресейде жабылған "Дождь" телеарнасының Ригада жұмыс істеуіне мүмкіндік берген.