Франция соты Аблязовты елге экстрадициялау ісін қарайды

Парижде Қазақстанда өмірбойына бас бостандығынан айырылған Мұхтар Аблязовты экстрадициялау жөніндегі іс қаралады деп хабарлайды Рaryz.kz sputnik.kz сілтеме жасап.

Франция соты Аблязовты елге экстрадициялау ісін қарайды
© Sputnik / Серикжан Ковланбаев

Бұл Францияның босқындар бойынша ұлттық соты қараған ең үлкен іс болады.

eureporter.co материалында бұрынғы шенеунік алаяқтық бойынша айып тағылуына байланысты экстрадициялануы мүмкін екені жазылған.

"Ұзаққа созылған Аблязов оқиғасы Францияның босқындар ісі бойынша ұлттық сотына түсті. Сот жуық арада олигархтың босқын статусына қатысты үкім шығарады", - делінген ақпаратта.

Басылым мәліметіне сүйенсек, Аблязовқа саяси баспана беру туралы шешім француздық саяси ортада алаңдаушылық тудырып отыр. Өйткені елдің Қазақстанмен маңызды қорғаныс және уран келісімшарттары бар.

parismatch.com агенттігі Аблязов жөніндегі шешім Францияның босқындар бойынша ұлттық соты қараған ең үлкен іс болатынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Мұхтар Аблязов 2009 жылы Қазақстаннан қашып кетті. Ел билігі оны БТА банкінің 7,5 млрд доллар қаржысын жымқырды деп айыптады және оның партиясы террористік деп танылды.

Қазақстан мен Ұлыбританияда олигарх өмірбойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.