Украина БҰҰ-дан ондаған украин тұтқыны опат болған Еленовкадағы колонияны тексеруді сұрады

Украина қауіпсіздік қызметі, қорғаныс министрлігі, әскери барлау қызметі және Жоғарғы раданың адам құқығы жөніндегі уәкілі БҰҰ-ға қайырылып, Донецк облысы Еленовкадағы колонияны тексеруді сұрады. Бір күн бұрын колонияға шабуыл жасалып, кемінде 53 украин тұтқыны опат болған деп хабарлайды Рaryz.kz azattyq.org сілтеме жасап. 

Украина БҰҰ-дан ондаған украин тұтқыны опат болған Еленовкадағы колонияны тексеруді сұрады
https://www.azattyq.org/a/31966392.html

Ресей және Донецкідегі ресейшіл сепаратистер колонияға украин армиясы соққы жасады деп мәлімдеген. Мәскеу оқиғаны әскери қылмыс деп атап, оған Украинаны кінәлады. Ал Киев мұны жоққа шығарып, шабуылды Ресей жасағанын айтты.

Украина қауіпсіздік қызметі Телеграм арнасында таратқан ортақ мәлімдемеде колониядағы жарылысты Ресей ұйымдастырғанын атап өтіп, оны "теракт" және "қырғын" деп атаған. Онда Украина армиясының тек әскери нысандарға соққы жасап жүргені жазылған. Мәлімдеме авторлары БҰҰ мен Қызыл Крест ұйымынан оқиғаға реакция білдіріп, колонияға тексеру миссиясын жіберуді талап еткен.

Азаматтық нысан екенін біле тұра оған шабуыл жасау және әскери тұтқындарды өлтіру халықаралық құқықта әскери қылмыс ретінде қарастырылады.

Естеріңізге сала кетейік, Еленовкадағы №120 колонияда мамыр айында Мариупольде тұтқынға түскен украиналық әскерилер қамауда отырған. 

Өзін "ДХР" аймағының ақпарат министрінің орынбасарымын деп атаған Даниил Безсонов "шабуылды Украинаның әскерилері HIMARS ракета ататын жүйесі арқылы жасады" деп отыр. Оның сөзінше, 130 адам жараланған.

Сепаратистердің өкілінің бұл сөзін ресейлік агенттіктер жаппай жазып жатыр.

Ал Украина қарулы күштері бұл колонияға шабуылға Ресейді айыптады.

"Осылайша ресейлік оккупанттар Украинаны "соғыс қылмысына" айыптамақ болды. Бұған қоса, олар тұтқындарды азаптау және өлім жазасына кесу қылмыстарын жасыру үшін осылай жасап жатыр" деді Украина қарулы күштерінің бас штабы мәлімдемесінде.

https://web.telegram.org/z/progressive/msg-1233777422-34143:5416102009642162643