Украина қарсы шабуылға шықты

Украина күштері оңтүстікте Ресей жаулап алған жерлерді қайтару үшін қарымта шабуылға көшті деп жазады Рaryz.kz t.me/azattyq сілтеме жасап.

Украина қарсы шабуылға шықты
https://halyqline.kz

"Бұл уақытта Ресей Украинаның орталық аймақтары мен астана маңындағы аудандарды атқылады. Дегенмен Мәскеуге шығыстағы ұрыстарда жауынгер жетпей жатқаны мәлім болды.

Украин әскерінің мәлімдеуінше, әуе күштері Ресейдің Херсон түбіндегі бес бекінісі мен қалаға жақын маңдағы тағы бір бекінісіне соққы жасаған. Ресей әскерін Херсон түбінде қоршауға алуды көздеген Киев соғыс басталғалы бері ең ірі қарымта шабуылын жүргізіп жатыр.

Кейінгі апталарда Украина Батыс жеткізген зымыран кешендерін қолданды. Соның көмегімен Днепрдегі үш көпірге соққы жасалып, өзеннің батыс жағындағы ресейлік әскерге көмек жеткізу қиындады"- деп жазады t.me/azattyq.