Ресейде суррогат ана болған Қазақстан азаматы үш жылға түрме жазасына кесілді

Красноярск соты суррогат ана болған Қазақстан азаматы Тамара Яндиеваны үш жыл түрме жазасына кесті деп хабарлайды Рaryz.kz  t.me/azattyq сілтеме жасап.

Ресейде суррогат ана болған Қазақстан азаматы үш жылға түрме жазасына кесілді
Атырау газеті

Ол адам саудасына қатысты қылмыста кінәлі деп танылды. 

Тамара Яндиева – Ресейде сотталып отырған алғашқы суррогат ана. Елде суррогат ана болуға тыйым салынбаған.
2019 жылы Яндиева суррогат аналарды таңдайтын агенттікпен келісім жасасып, шетелдік ерлі-зайыптының баласын көтерген. Бұл қызметі үшін ақы алған. Бала дүниеге келгеннен кейін оны ата-аналарына Қытайға жіберуі тиіс болған, бірақ бұған коронавирус пандемиясы бөгет болды. 2021 жылы агенттік үстінен адам саудасы туралы қылмыстық іс қозғалған. Т.Яндиева мен адвокаты Людмила Айвар  үкімге шағым түсірмек.