Путин Иранда Ердоғанмен кездеспек

Путин бүгін Иранға ұшып барды деп жазады Рaryz.kz t.me/paranoiakz сілтеме жасап.

Путин Иранда Ердоғанмен кездеспек
ашық дерек көздерінен

Ердоған да Иранда. Бұл жолы Иран-Ресей-Түркия сөзсіз Сирия соғысын талқылайды. Сонымен қатар Украина, дрон саудасы, санкциялар, сауда қатынасы айтылатыны сөзсіз.

Мұндағы комментарилерде "Ресейдегі "Госнавооружение" деген қару-жарақ жасайтын және қару-жарақ саудасымен айналысатын мемлекеттік кәсіпорнының әскери генералдары ұрланған  қару-жарақтың жартысынан көбін Сириядағы Күрдістан жұмысшылар партиясымен көп жылдар бойы ауызша келісімшарт жасасып оларға  қару-жарақ сатып келгенін бүкіл Әлем біледі. Осы ұрлықтарды Путиннің мойындағысы келмейді. Егер мойындаса оларды ұстап жазалау керек. Ал оларды жазалау дегенің өзі құрған жүйені тұтастай  жазалаумен бірдей жағдай. Сондықтан бұл "бардактар" бұрыңғы "бардактардан" төмен тұр деп ешкім айта алмайды...", "Сол Күрдістан жұмысшылар партиясына Ресей тарапы жасырын түрде әлі күнге дейін қару-жарақтың түр-түрін (яғни Калашников автоматынан бастап, ауыр артиллериялар, ракеталық қондырғыларға дейіңгі барлық қару-жарақ түрлері бар) сатып жатыр. Ал Ердоғанның ең басты мақсаты Күрдтердің жұмысшылар партиясы  жасақтарын қалайда әлсірету екенін, сондықтан осыған Путинді көндіруге тырысатын сияқты..." деген пікірлер жазылған. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путин мен Ердоған Иранда кездесуі мүмкін деп мәлімдегенін жазған болатын inbusiness.kz .