Ресейде: соғыс туралы жақ ашсаң - орның түрме

Ресейде Путиннің "әскери фейктер" туралы сөзінен үзінді кетіргендер қамалуда деп жазады Рaryz.kz  t.me/Pravda_Gerashchenko сілтеме жасап.

Ресейде: соғыс туралы жақ ашсаң - орның түрме
Күдікті - Новосибирск депутатының экс-көмекшісі Кирилл Левченко.

Ресейлік БАҚ жазуынша  Путиннің "Украинадағы Ресей әскерлері бейбіт нысандарды емес, әскери нысандарды бомбалауда"- деген цитатасын ойып алып, талқаны шыққан Бородянканың аясында көрсетуі айып тағуға негіз болған. 

Кирилл Левченко жұбайымен бірге өткен жылдың қараша айында Ресейден кетіп қалған. Айыпталушыға қолдары жетпегендіктен, тергеуге қартаң әке-шешесін алдырған. Ендігі кезекте ата-енесін шақырмақ екен.