Зеленский: 60-тан астам прокурор мен судья Ресей жаулаған жерде қалып, Украинаға қарсы жұмыс істеп жүр

Украина прокуратурасы мен сотының 60-тан астам қызметкері Ресей басып алған жерде Украинаға қарсы жұмыс істеп жүр деп жаазады Рaryz.kz  t.me/azattyq сілтеме жасап.

 

Зеленский: 60-тан астам прокурор мен судья Ресей жаулаған жерде қалып, Украинаға қарсы жұмыс істеп жүр
ашық дерек көздерінен

Украина президенті Владимир Зеленский бұл сөзді бас прокурор Ирина Венедиктов пен Украина қауіпсіздік қызметінің басшысы Иван Бакановты лауазымдарынан босатқан кезде айтқан.

Владимир Зеленский бұл шешімін құқық қорғау органдары ішінде "отанын сатқаны үшін" жүздеген адамның жауапкершілікке тартылғанымен байланыстырған.

"Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне қарсы мұндай қылмыстар және Украина мен Ресей арнаулы қызметінің қызметкерлері арасында анықталған кейбір байланыстар басшылыққа қатаң талап қоюға әкеледі", - деген Зеленский Украина прокуратура мен сотының 60-тан астам қызметкері Ресей басып алған жерде қалып, Украинаға қарсы жұмыс істеп жүргенін айтқан.