Зеленский бала кезден бірге өскен досын Қауіпсіздік қызметінің басшылығынан алып тастады

Украина президенті Владимир Зеленский Қауіпсіздік қызметінің басшысы Иван Баканов пен Бас прокурор Ирина Венедиктованы қызметінен босатты, деп жазады  Рaryz.kz  Ulysmedia.kz сілтеме жасап. 

Зеленский бала кезден бірге өскен досын Қауіпсіздік қызметінің басшылығынан алып тастады
ашық дерек көздерінен

Иван Баканов Украина Қарулы Күштерінің Тәртіптік жарғысының 47-бабы, адам өліміне немесе басқа да ауыр зардаптарға әкеп соқтырған қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін орнынан алынса, Венедиктова "Соғыс жағдайының құқықтық режимі туралы" Заңның 11-бабы бойынша қызметінен шеттетілді.

Владимир Зеленский бейнеүндеуінде мемлекетке опасыздық жасау және прокуратура, тергеу және басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты "ынтымақтастық қызметі" баптары бойынша 651 қылмыстық іс қозғалғаннан кейін Қауіпсіздік кеңесінің басшысы мен Бас прокурорды қызметінен босатқанын мәлімдеді. 

Бас прокурордың міндетін атқарушы болып Бас прокурордың орынбасары қызметін атқарған Алексей Симоненко тағайындалды.

Баканов 2019 жылдың тамыз айынан бастап Қауіпсіздік кеңесінің басшысы қызметін атқарды. 

Венедиктова – Украина тарихындағы алғашқы әйел Бас прокурор. Ол бұл қызметке 2020 жылдың наурызында тағайындалған.