Қазақтың жігіті Германияда тұтқындалды

Неміс полициясы Шыңжаң қазағы Ерсін Еркінұлының Германияда қамалғанын растады деп жазады Рaryz.kz t.me/azattyq сілтеме жасап.

Қазақтың жігіті Германияда тұтқындалды
ашық дерек көздерінен

Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң өлкесінен қашып, Еуроодаққа ұмтылған, былтыр бірнеше ай Украинада қамауда болып, биыл соғыс басталғаннан кейін Еуроодақ аумағына өткен Қытай қазағы Ерсін Еркінұлы шілде басында Германияда қамауда отырғанын хабарлаған. Ол өзін Қытайға депортациялауы мүмкін екенін айтып, дабыл қаққан болатын.

Полиция өкілінің сөзіне қарағанда, "жалпы практика бойынша, егер елден шығару туралы шешім шықса, ол азамат Еуроодақтың қай еліне бірінші болып кірсе, төрт апта ішінде сол елге депортацияланады".