Украина: соғыстың әрі қарайғы үш сценарийі

Украинадағы соғысқа "Forbes" болжам жасады деп жазады Рaryz.kz  Usbanov арнасына сілтеме жасап.
 

Украина: соғыстың әрі қарайғы үш сценарийі
ашық дерек көздерінен

Соғыстың әрі қарай үш сценарийдің бірі бойынша жүрмек: 

1) Ұзақ жылдарға созылады. 

Ресей шабуылдаушы ресурстарынан айырылады. Майдан даласы статикалық болып, тараптар позициялық қорғанысқа көшеді. 

2) Соғыс жыл соңында аяқталады. 

Егер Украина жуық арада (2-3 айда) Херсонды қайтарып, Мелитополде алға жылжыса, әрі қарай оңтүстікте соғысудың мәні қалмайды. Мәскеу не жалпыхалықтық мобилизация жасайды, не келісімге келуге мәжбүр болады. Ондай жағдайда Ресей араға 5-10 жыл салып барып, қайта соғыс ашуы мүмкін. 

3) Динамикалық шешім. 

Ресей әскерін қамдауда айтарлықтай проблемаларға тап болады. Әскері моралдық тұрғыда сынып, ойсырай жеңіледі. Бұл әрине,  Украинаға жақтастарының жеткізетін қаруына байланысты болмақ.