ДДСҰ коронавирустан көз жұмғандар саны өсуіне байланысты үкіметтерді бетперде тағу режиміне оралуға шақырды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Гебрейесус барлық елдің үкіметін коронавирустан көз жұмғандар саны өскен соң бетперде тағуды қайта бастауға және желдетуді жақсартуға шақырды, деп жазады Рaryz.kz Stan.kz ақпарат агенттігі.

ДДСҰ коронавирустан көз жұмғандар саны өсуіне байланысты үкіметтерді бетперде тағу режиміне оралуға шақырды
ашық дерек көздерінен

ДДСҰ тағы да маска тағыңдар деп жатыр. Сөзінше, көптеген ел вакцинациялау науқаны сәтті өткеннен кейін шектеулерді іс жүзінде алып тастағанымен, пандемия әлі әлі аяқталды деп айтуға ерте. Омикрон штаммының жаңа нұсқалары бүкіл әлемде аурудың жаңа толқындарын тудырып жатыр.

Осы ретте Гебрейесус ел үкіметтерін "бетперде тағу, желдетуді жақсарту, сынақтан өткізу және емдеу хаттамалары сияқты дәлелденген шараларды жүзеге асыруға" шақырды.

"Мені COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны артып келе жатқаны алаңдатады, бұл денсаулық сақтау жүйелері мен медицина қызметкерлеріне қосымша ауыртпалық түсіреді.Өлім-жітімнің өсу қарқыны да да алаңдатарлық", – деді ол.

ДДСҰ бақылайтын нұсқалар ішінде мамыр айында Үндістанда алғаш рет табылған "Кентавр" лақап аты бар BA.2.75 вирусы бар.

Еске салайық, өткен тәулікте, яғни 12 шілдеде Қазақстанда індетті жаңадан жұқтырған 820 адам тіркелген. Айта кетейік, бұл тек ПТР талдауынан өткен азаматтардың ресми статистикасы. Жұқтырғандардың нақты саны одан да көп болуы мүмкін. Соған қарамастан, бүгінде эпидемиологиялық жағдай бойынша "сары" аймақта тек Алматы ғана тұр.