Президент пана таппай жүр

Шри Ланка президенті баспананы Азиядан іздемек деп жазады Рaryz.kz  t.me/nexta_live сілтеме жасап. 

Президент пана таппай жүр
ашық дерек көздерінен

 Шри-Ланканың президенті Готабай Раджапакс әйелін ертіп, жандаарына екі қорғаушысын алып  Мальдив аралдарында жүр. Елінде төтенше жағдай жарияланған.   

 Раджапакстың Мальдив аралдарында тұрақтап қалу ойында жоқ. Басына бұл үйірілген президенттің Азияның өзге елдерінің біріне табан тіремек ниеті бар. Шри-Ланкада наразылықтар мен демонстрация өршіп тұр. Халық үкіметтік нысандарға баса көктеп кіруде.