Украина HIMARS-пен Ресейді атпайды

Украинадағы соғыста батыс қаруы үлкен бетбұрыс әкелді деп жазады  Рaryz.kz  t.me/paranoiakz сілтеме жасап.

Украина HIMARS-пен Ресейді атпайды
ашық дерек көздерінен

HIMARS-тар нәтиже көрсетуде. Әскери қоймалар мен штабтарды жоюда. 80-100 шақырымдағы біраз нысанды асқан дәлдікпен жойып келеді.

Енді Батыс одан алысқа ататын зымырандарды бермек. Украина қоғамы “Ресей жерін атайық” дегенді айтуда. Алайда Киев Ресейді атпайды, себебі Батыс Ресей жерін атпауға Киевтен кепілдік алған. Ресей қалаларын атса, онда Батыс қару беруді тоқтатуы мүмкін. Ал Қырым көпірі мен аймағы мүлде бөлек әңгіме. Оны Батыс та, Украина да басқыншы қолындағы аймақ санайды.