Еуропа ғарыш агенттігі Марсты зерттеу бойынша "Роскосмоспен" жобасын тоқтатады

Бұл жөнінде Еуропа ғарыш агенттігінің бас директоры Йозеф Ашбахер хабарлады деп жазады Рaryz.kz t.me/azattyq сілтеме жасап.

Еуропа ғарыш агенттігі Марсты зерттеу бойынша "Роскосмоспен" жобасын тоқтатады
ашық дерек көздерінен

 

 

"Бұған Украинадағы соғыс пен соған байланысты қабылданған санкциялар себеп" деді ол. 

"Роскосмос" басшысы Дмитрий Рогозин да Халықаралық ғарыш станциясындағы Ресей экипажына Еуропа ғарыш агенттігімен әріптестікті тоқтатуды тапсыратынын айтты. "Роскосмостың" баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресей ExoMars жобасын "доспейіл" елдерді тарта отырып, өз бетімен жүзеге асыруы мүмкін.