Украинада 9 күннің ішінде жойылған Ресейдің әскери қоймалары

АҚШ пен Еуропадан келген қарулары соғыстың барысына өзгерістер әкелуде деп жазады Рaryz.kz шетел басылымдарына шолу жасап.

Украинада 9 күннің ішінде жойылған Ресейдің әскери қоймалары
ашық дерек көздерінен

Украинада  2 – 11 шілде аралығында Ресей қарулы күштерінің 22  қоймалары жойылды. 

Бұл Британияның БТР-лары, америкалық М777 зеңбіректері, "Mastiff" снарядтары мен әрине АҚШ "HIMARS"-тарының арқасы.  Ал, егер америкалықтар тез арада  Украинаға 300 шақырымға жететін HIMARS зымырандарын жеткізсе, жағдай мүлде басқаша болады.

Осы ретте еске "АҚШ Украинаға бір жылға жететін қару-жарақ бере алады" деген Пентагонның мәлімдемесі еске түседі.

«Егер ресейліктер украиналықтарды қарусыздандырамыз деп ойласа, қатты қателеседі. Біз Украинаға бүгін-ертең не керек екенін ғана емес, бір ай, бір жылдан соң қандай қару керек болатынын жоспарлап қойдық» - деген болатын Альянста.