Украинадағы Ресей әскері соғыстан қашқан сарбаздарды өлім жазасына кесті

Украина қарулы күштерінің оқ-дәрі қоймалары мен Ресей күштерінің басқа да әскери нысандарында соңғы шетелдік кешендерді қолдану арқылы жүргізген жұмысы өз нәтижесін берді. Украинаның арнайы қызметі соғыстан қашқан сарбаздары Ресей әскері өлім жазасына кесу фактілерін тіркеді деп жазады Рaryz.kz  Оrda.kz сілтеме жасап. 

Украинадағы Ресей әскері соғыстан қашқан сарбаздарды өлім жазасына кесті
ашық дерек көздерінен

Ресей әскеріндегі соңғы оқиғалардың бірі 6 шілдеде болды. Запорожье облысы аумағының уақытша басып алынған бөлігінде Украина арнайы қызметінің қызметкерлері екі абоненттің телефон арқылы келіссөздерін тыңдай алды.

 

«Олар Малая Белозерка (Васильев ауданы) ауылының маңында ресейлік оккупацияланған әскерлердің 30 әскери қызметкерінің орналасқан жерінен қашып кетуін талқылады. Оларға өздерінің әріптестері оқ жаудырды. Әзірге «Груз-200» (қаза тапқандардың – Ред.) нақты саны белгісіз, бірақ факті бар» делінген дереккөз хабарламасында.

Айта кетейік, осыдан сәл бұрын Запорожье облысындағы Ресей әскерінің оқ-дәрі қоймасы жарылған болатын.

Қашқындық фактілері басқа өңірлерде жиілеп кетті. Соғыстан қашудың басты себебі – Украина артиллериясының дәл соққыларынан ресейлік сарбаздардың көп шығынға ұшырауы.

Украина қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасының хабарлауынша, Херсон облысындағы ұрыс аймағынан ресейлік әскерилер Арабат шұңқырының бойымен Қырымға қашып жатыр.

"Олар басып алған Калиновкада 18-20 жас шамасындағы қашқындар тобы пайда болды. Жігіттер орыс үлгісіндегі әскери киім киген, айырым белгісі мен бас киімі жоқ. Олар жергілікті халықтан тамақ пен су сұрайды. Біреуі жараланған шығар. Өздерімен бірге Калашников үш автоматы бар дейді. Олар Қырымға қарай жылжуда. Сонымен бірге қашқындар түнде ғана қозғалады, ал күндіз тығылады» делінген Бас барлау басқармасының хабарламасында.