МЫСЛИ ВСЛУХ!
Экс-сенатор Уәлихан Қайсаров: Біздің үкіметімізде неге реформаторлар жоқ?
Президентіміз маңайына шет елдерде білім алып келген жас заңгер,экономист, қаржыгер мамандарды маңайына топтастыруы керек. Бұрынғы кадрмен «Жаңа Қазақстан» құрылмайды. Жаңа экономиканы құру үшін менталитеті өзге жаңа мамандар керек. Ә.Смаиловтың жанындағылар сол баяғы Назарбаевтың айтқанынан шықпаған, елбасының бұйрығын орындағандар. Олар экономикалық бәсекелестікке жарамайды. Назарбаевтың дәуірінде іскерлік қабілетке қарамай, елбасына, жүйеге жаққандар ғана билікке келген. Ақыры неге алып келгенін көріп отырмыз. Үкіметке өткенде мемлекет басшысы «үштік» қойды. Мен толық «екілік» қояр едім. Үкіметтің бұл құрамын толығымен таратып жіберу керек дейді Уәлихан Қайсаров "Сұрауы бар"хабарында деп жазады Рaryz.kz ProjectXKazakhstan сілтеме жасап.