Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Экс-сенатор Уәлихан Қайсаров: Біздің үкіметімізде неге реформаторлар жоқ?

Президентіміз маңайына шет елдерде білім алып келген жас заңгер,экономист, қаржыгер мамандарды  маңайына топтастыруы керек. Бұрынғы кадрмен «Жаңа Қазақстан» құрылмайды. Жаңа экономиканы құру үшін менталитеті өзге жаңа мамандар керек. Ә.Смаиловтың жанындағылар сол баяғы Назарбаевтың айтқанынан шықпаған, елбасының бұйрығын орындағандар. Олар экономикалық бәсекелестікке жарамайды. Назарбаевтың дәуірінде іскерлік қабілетке қарамай, елбасына, жүйеге жаққандар ғана билікке келген. Ақыры неге алып келгенін көріп отырмыз. Үкіметке өткенде мемлекет басшысы «үштік» қойды. Мен толық «екілік» қояр едім. Үкіметтің бұл құрамын толығымен таратып жіберу керек дейді  Уәлихан Қайсаров "Сұрауы бар"хабарында деп жазады Рaryz.kz  ProjectXKazakhstan сілтеме жасап.

Экс-сенатор Уәлихан Қайсаров: Біздің үкіметімізде неге реформаторлар жоқ?
Видеодан кадр

  Шетелде қаншама жастарымыз еңбек етуде. Қаншама патриоттарымыз шет елдерде жүр. Мәселен, өткен жылы бізден 84 мың маман сыртқа кетті. Яғни, олардың қабілет-қарымы жүйеге керек болмады. Оларға ешқандай әлеуметтік лифт берілмеді. Сондықтан сыртқа кетуге мәжбүр болды.

Қазақ қоғамында экономикалық емес, саяси жүйе өзгермейінше, Билл Гейтс, Стиф Джобс немесе  Илон Маскті әкелсе де түк істей алмайды. Саяси жүйе өзгергенде ғана халық өз ішіндегі мықты қабілетті қыздар мен жігіттерді сүзгіден өткізіп, президенттің алдына әкеліп, ұсыныс береді. 

Үкімет басына Мұхтар Жәкішевті неге қоймасқа? Әкежан Қажыгелдинді неге әкелмеске? Осы сияқты мықты мамандар көп. Қазақтың бір қызы АҚШ-та президент протоколының басшысы. Қазақтың тағы бір қызы Чехияда министр болды. Моңғолия мемлекетінде үкімет мүшсі болып отырған қазақ азаматы тағы бар.